МТРА жаңалықтары

Полицейлердің көліктеріне камералар орнатылып жатыр

Петропавл полицейлерінің қызметтік автокөліктері заманауи бейнетіркеу жүйесімен жабдықталады.

1 темір тұлпарға 4 бірдей бейнекамера орнатылған, үшеуі – ішінде, яғни салонда, тағы біреуі – төбесінде. Мұндай көлік көшелердегі тәртіпті қадағалайтын патрульдік полицейлердің таптырмас көмекшісі болмақ. Өйткені, құрылғылар құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың видео-дәлелін қамтамасыз етеді, одан қалды парақорлықты болдырмайды. Бейнетіркеу жүйесі “Streamax” (стрИмакс) деп аталады. Жуық арада ол 14 патрульдік полиция көлігіне орнатылмақ.

Дархан Наурызбаев, СҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары:

– Төбедегі 4-ші бейнекамера 360 градусқа бұрылып түсіре алады. Сонымен қатар, “түнгі түсірілім” функциясымен жарақталған, яғни тас қараңғыдағы жазбаны жап-жарық етіп көрсетеді. Сондай-ақ, көлікте стационарлық монитор орналасқан. Мәселен, жүргізуші тәртіп бұзғаны не бұзбағанын көргісі келсе, мархабат.

Саят Ермек