Құқық қорғау органдары

Интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан

Жалдамалы пәтерге жасырынып алып сауда жүргізген. Жай сауда емес, синтетикалық есірткі сатып келген. Петропавлда интернет-дүкен арқылы наша таратқан 2 жігіт ұсталды. Полицейлер үйге тінту жүргізіп, қылмыстық іс қозғады.

Іздестіру барысында тәртіп сақшылары интернет арқылы есірткі сатқан 2 тұрғынды ұстапты. 89 және 91 жылы туылған жігіттер жалға алған пәтерлерін интернет-кеңсеге айналдырып, зиянды затты сатумен айналысқан.

– С какой целью храните в шкафу данной квартиры?

– Сбыть? – С целью продажи?

– Да.

– Кому вы продаете?

– В Телеграме.

Мамандар үйге тінту жүргізіп нәтижесінде спайс, есіркі тұзын және 250 гр-ға жуық ішінде синтетикалық заты бар полимерлі ораманы тапқан. Сондай-ақ, сим-карталар мен ұялы телефондарды да тәркілеген.

Жандос Басыбаев – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы: 

– 2019 жылы маусым айында Петропавл қаласының аумағында жұмыс істейтін интернет-дүкен СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының назарына түсті. Осы интернет-ресурстың нақты кестесі болған.Нәтижесінде қылмыстық әрекетті құжаттауға және интернет дүкеннің жұмысына толық талдау жасауға мүмкіндік берді.

Тәркіленген заттардың барлығы сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жалпы, өткен жылы өңірде есірткі сатумен айналысқан 162 интернет-дүкен анықталған. Сондай-ақ, полицейлер 1 есірткі зертханасын тапқан екен.

Маржан Касымбек