ТЖ

Есіл ауданында өрттен 74 жастағы ер адам қаза тапты

Демалыс күндері Есіл ауданында өрттен 74 жастағы ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Чириковка ауылында болды. Қаңтардың 11-і кешкі сағат бестер шамасында жер үйден өрт шыққан.

Қызыл жалын 12 шаршы метр жерді шарпыған. Құтқарушылар ақпаратты ала сала оқиға орнына тез жетіп, отты 6-дан 17 минут кеткенде сөндіреді. Мамандардың айтуынша қызыл жалын жер үйдің жатын бөлмесінен шыққан. Зейнеткер темекі тұқылын сөндірмей, ұйықтап қалса керек.

Игорь Балеев – СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі немесе сіріңке себеп болуы мүмкін. 74 жастағы ер адам жер үйде жалғыз өзі тұрған. Айта кеткен жөн, облыста 13 күннің ішінде 11 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Оның 2-уі – бала.

Дана  Ешкенова