Балалар

Абай Құнанбаевтың туғанына – 175 жыл

Биыл елімізде / қазақ әдебиетінде ғана емес, сондай-ақ, әлемдік әдебиетте ойып тұрып орын алған ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аталып өтіледі.

Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев / мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Барлығы 500-ге жуық іс-шара өткізу жоспарлануда. Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де бұдан қалыс қалмақ емес. Білім ордасында Абай атамыздың 175 жылдығына арнап бірқатар шығармашылық іс-шара ұйымдастырылмақ. Оған шәкірттер мен мұғалімдер қауымы белсенді қатысуды көздеп отыр.

Бақытжан Тұрсын – Химия-биология бағытындағы НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

– Біздің мектебімізде ақындардың үйірмесі бар. Үйірме аясында да Абай атамыздың өлеңдері айтылып, оқулары өткізіліп тұрады. Биыл да атамыздың 175 жылдығына орай Абай оқулары өтетін болады. Тек қана оқушылардың арасында ғана емес, сонымен қатар мектеп қызметкерлерінің арасында да Абайдың еңбектері кеңінен насихатталады.

Бердимурат Баймухан