Құқық қорғау органдары

Петропавлда қозғалыс үстіндегі “Уаз” автокөлігі жанып кетті

Бүгін Петропавлда “Уаз” автокөлігі қозғалыс кезінде жанып кетті.

Оқыс оқиға таңғы сағат 9-да Әуезов пен Индустриалды көшелерінің қиылысында болған.
Жүріп келе жатқан машинаның алдыңғы тұсынан от лап ете түскенде рөлде отырған ер адам лезде тоқтап, сыртқа шығып үлгерген екен. Көлік түгелдей жанып кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілердің айтуынша оттың тұтануына жанармай жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.

Дана Сәлімқызы