Тұяқты аңды аулаған азамат ұсталды

Құқық қорғау органдары

21:57 9 Қаңтар 2020

Қаңтардың 1-інен Сібір елігі, марал, қабан, бұлан сияқты тұяқты аңдарды аулағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Бірақ, заң талабын елемейтін жандар да бар. Солардың бірі қаңтардың алғашқы күндері қолға түсті.

– Что за мясо у вас?

-Баранина!

– Баранина?

– Оперативка по косуле.

– Купили?

– Или, где взяли ее?

Күнделікті қойдың етін жеп жүрген жандар үшін алдарында жатқан еттің қойдыкі емес екенін анықтау қиын болмас. Мына жерде 37 жастағы Петропавл тұрғыны шын ба әлде өтірік пе екені белгісіз полицейлерді сендіріп әлек. Азамат Мағжан Жұмабаев ауданындағы Новый Быт ауылының маңында ұсталған. Көлігінің ішінен тағы мылтық, оқ-дәрілер және пышақ табылған. Осы орайда оның ісі күмән тудырып отыр. Мылтық өзіне тіркелген.
Бүгінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Самир Рахматуллин – СҚО ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

– Көліктен мүшеленген ет табылды. Ұсталған азамат тәркіленген ет қойдыкі деп ақталмақ болды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 3-бөліміне қатысты «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ет сараптамаға жіберілді.

Осы орайда айта кетейік, елімізде қаңтардың 1-інен бастап Сібір елігі, марал, қабан, бұлан сияқты тұяқты аңдарды атуға, аулауға тыйым салынған. Ал түлкі, қоян, қарсақ, жанат тектес ит пен ондатрларды аулауға ақпанның 15-сіне дейін рұқсат етіліпті.

Актолкын Солтанханкызы

Бұдан әрі оқыңыз

“Ватрушкалар” қаншалықты қауіпті
Екі Сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды
Масаң күйде көлік басқаратындарға жаза күшейтілді
Жаңажылдық түнде Петропавлда ауыр қылмыстар орын алмады
Шал ақын ауданының тұрғыны 3 бірдей елікті атып алған
Петропавлда қиыршық тас тиелген жүк көлігі аударылып қалды
“Автобус” жедел-алдын алу шарасы өтті
Қылмыстың бірқатар түрі үшін жаза қатаңдатылды
Полицейге кәсіпкер қызметтік үй берді
Рөлге масаң күйде отырған ер адам жауапкершілікке тартылды
Петропавлда жасырын жұмыс істеп келген казино табылды
Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктер тіркелуі тиіс