Құқық қорғау органдары

Петропавлда 52 жастағы ер адам жоғарғы қабаттан секіріп кетті

Петропавлда 52 жастағы ер адам жоғарғы қабаттан секіріп кетті. Оқиға қаңтардың 7-сі күні Жуков көшесіндегі 13-ші үйде болған. Азамат сол маңда тұрған көрінеді.

Ол 9-шы қабаттан секірген. Қайғылы жайтты кездейсоқ өтіп бара жатқан адам байқап, полицияға хабар берген. Өкінішке қарай, ер адамның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. Ол сол жерде тіл тартпай кетті. Әзірге, марқұмды мұндай қадамға не итермелегені белгісіз.

Актолкын Солтанханкызы