Аптадағы маңызды жаңалықтар

Медициналық сақтандыруға қандай қызметтер кіреді

Заманауи қымбат диагностикалардың барлығы енді тегін! Қызмет түрлері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аясында көрсетіледі. Пакетке тағы оңалту мен қалыпқа келтіру шаралары да кіреді. Оған қоса паллиативті және мейірбеке көмегі де қарастырылған. Ай сайын қорға төлем жасап отырған жандар енді аталған процедуралар мен емге  қалтадан ақша шығармай қол жеткізе алады. Ал сақтандырылмаған тұрғындар барлығынан қағылмақ.

Берік Әубәкіров – еңбек пәнінің мұғалімі. Алайда, желтоқсанның 28-інен бері сабақтан қол үзіп қалыпты. Ұстазды буындары мазалаған екен. Бұл жылдағы көрініс дейді ол. Шеге қағу былай тұрсын, азамат үшін қозғалу да қиынға соққан. Ал ертең мектептердегі демалыс аяқталады. Жұмысқа жиналу керек. Сондықтан, қала тұрғыны 1-ші емханаға физиотерапия алуға келіпті. Айтуынша, дертінің емі жоқ, бірақ буындардың іскенін басып, жағдайды оңалтуға мүмкіндік бар.

Берік Әубәкіров – қала тұрғыны:

– Менде подагра деген диагноз. Екінші деңгей. Үшіншісінде ота жасату қажет. Соған жеткізбейін деп. 0-55 Бұл уақытша. Жылына бір рет болады. Биыл қуанып едім ауырмадым деп, дәл Жаңа жылдың алдында аяғымды баса алмай қалдым. 01-56 Физиосыз болмайды. Қымбат болса да келетінбіз.

Емді бір-екі апта қабылдау қажет. Бұрын әрбір процедураның құны 400 теңгеден басталса, қазір қаржы тұрғындардың қалталарында қалмақ. Физиоемдеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тек бір бөлігі ғана. Пакеттің ішіне / бұрын ақылы болған массаж бен емдік дене шынықтыру да кіреді.

Ұлболсын Қажахметова – №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Мұндай қызмет түрлері суық тиіп сырқаттанған, дене мүшесін зақымдап алған, мойын ауруына шалдыққандарды қалыпқа келтіру үшін көрсетіледі. Көмек өткен жылы тек балалар үшін тегін болса, енді ересектер де шығындалмайтын болды.

Биыл өңір бойынша оңалту мен қалыпқа келтіру шараларына 1 млрд 356 млн қарастырылған. Тағы паллиативті және мейірбеке көмегіне 169 млн теңге бөлініпті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қазақстан бойынша қазір 250, соның ішінде біздің өңірде 5,8 млрд теңге бар. Тұрғындар тісті емдеу де осы пакеттің ішіне кіре ме деп үміттенген еді. Алайда, ел болып 2017 жылдың шілдесінен жиған қаражат бұл қызмет түріне жетпейді. Есесіне, құны кемінде 15 мыңнан басталып, 55 мың теңгеге дейін жететін МРТ мен КТ-ны енді тегін жасатуға болады. Егер дәрігеріңіз тиісті нұсқама берсе, әрине.

Лариса Гордеева, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Белгілі бір анықтамаларды есепке алмағанда, емханалардағы қызмет түрлерінің барлығы тегін болуы қажет. Медициналық көмекті алу үшін сақтандырылу қажет. Әзірге, бұл санатқа 22 мың солтүстікқазақстандық жатқызылмайды. Яғни, тұрғындар немесе олардың жұмыс берушілері осыған дейін қорға тиісті соманы аудармаған.

Алдағы үш ай барлық өңір тұрғындары үшін жауапты кезең ретінде саналады. Қаңтар, ақпан мен наурызда міндетті түрде аударымдар жасау қажет. Сөйтіп, медициналық көмекті тегін алуға құқылы боласыз. Бүгінде барша қазақстандықтар уақытша сақтандырылған. Яғни, пакеттегі қызметтерге ақша шығармай қол жеткізуде. Ал үш айдан кейін төлем жасамағаны анықталса, барлығынан қағылмақ.

Лариса Гордеева, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Мәртебені анықтау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтына немесе егов порталына кіру қажет. Еске сала кетейін, биылғы қаңтардың бірінен енді жалдамалы еңбеккерлер де жалақының 1 пайызын аударатын болады. Одан бөлек, жұмыс берушілер де 2 проценттен төлем жасамақ. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ең төменгі айлық көрсеткішінің 5 пайызын аударады. Бұл – шамамен 2600 теңге. Ал 15 санаттағы азаматтар мемлекет есебінен сақтандырылады.

Тоқ етерін айтқанда, ай сайын жалақыңыздан бар-жоғы 1 пайыз аударып, жалпы құны 5 млн-нан асатын қызметті тегін алуға болады. Сондықтан, мәртебені анықтап, төлем жасауға асыққан жөн.

Эльмира Садвокасова