МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді

Отан үшін от кешкен Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтің сүйегін елге әкеліп, қайтадан жерлеу қажет. Осындай өтінішті жаужүрек солтүстікқазақстандықтың інісі  Сейілбек Бәшімов есімді азамат Парламент Мәжілісінің депуттарына жеткізді. Халық қалаулылары петропавлдықтың тілегін жерде қалдырмай, орындауға өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді. Жалпы, өңірімізге жұмыс сапарымен келген бір топ мәжілісмен қоғамдық қабылдауда 5 адаммен жүздесті.

Депутаттармен алғаш болып СҚО-ның құрметті азаматы Болат Сағындықов жүздесті. Сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды еліміздегі ауылдардың жағдайы алаңдатады. Оның айтуынша жыл артқан сайын кезінде дүрілдеп, атағы алысқа жеткен елді мекендер тозып бара жатыр. Жерлесіміз агроқұрылым басшыларының әлеуметтік жауапкершілігі өте төмен дейді. Кәсіпкерлер егін егеді, көл-көсір астықты қамбаға құяды. Бірақ, халық үшін ешнәрсе де тындырмайды. Мысалы, мұндай жағдай Болат Мағазұлының кіндік қаны тамған Мамлют ауданындағы Бостандық ауылында да бірнеше жылдан бері қайталанып отыр. Қазіргі күні бұл елде бір емес, 5 бірдей шаруашылық еңбек етеді екен.

Болат Сағындықов – СҚО құрметті азаматы:

– 3 серіктестік өзге ауылдарда орналасқан. Ал 2-еуі өзіміздің Бостандықта жұмыс істеп жатыр. Олар жерді алды, өздері жұмыс істеп жатыр. Ал халық керек жоқ. 02:12 Вот, говорим мы социальная ответственность, социальная оттветственность. На деле никакой ответственностти не несут эти главы.

Болат Сағындықов мәселені шешу үшін бақылауды күшейту керек деп санайды. Яғни, аграрилер жерді қаншалықты дұрыс пайдаланып жатыр, ел үшін не істеді? Міне, осыны жіту тексеру қажет. Әйтпесе, іс насырға шауып, қазаны қайнаған ауылдар мүлде жойылып кетуі мүмкін. Депутаттар бұл проблемадан хабардармыз дейді. Қоғамдық қабылдаудың алдында ғана мәжілісмендерге облыс әкімі Құмар Ақсақалов күрмеуі күрделі дәл осы түйткілді баяндапты.

Абай Тасболатов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– То что говорил аким области. Действительно, нам нужно будет здесь разобратся.

Жауап қысқа болды. Алдағы уақытта депутаттар түйткілді шешудің жолын қарастырмақ. Қайырғали Асқаровты да ауылдықтардың жағдайы алаңдатады. Бүгінде Қызылжар ауданына қарасты Архангелка селосындағы 22 үлескердің 156 гектар жері “Ер-Агро” деп аталатын серіктестікте екен. Аталған кәсіпорын басшысы соңғы жылдары адамдарға жөнді пай бермейтін көрінеді. Мұны Қайырғали ағамыз ашына жеткізді.

Қайырғали Асқаров – Архангелка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Жылда 5-10 пай бермей қояды. Мысалы, 2017 жылы 5 кісінің пайын берген жоқ. 2019-да 7 адамның пайын берген жоқ. 02:33 Ауылды жерде пай керек. Адамдарға пай берсе, ол өзінің малын қыс бойы бағып шығады. Көктемде құс алады. Пайдың пайдасы сол.

Мәжіліс депутаттары проблемамен танысып, бір шешімге келді. Ауылдықтарды алаңдатқан мәселемен Сергей Звольский айналысып, жағдайды реттейтіндігін жеткізді.

Сергей Звольский – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазір телефон нөмірлерімізбен алмасайық. Мен өзім аграрлық комитеттенмін. Бұл сұрақты зерттеп, жеке бақылауыма аламын. Көмек көрсетілетін болады.

Әңгіме барысында Қайырғали Асқаров манағы 156 гектар жерді жауапсыз серіктестіктен алу жайына да тоқталды. Аталған мәселе қаңтар айының соңында Жоғарғы сотта қаралады екен.

Кәрібай Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз – депутаттар Жоғарғы соттың ісіне айналыса алмаймыз. Соттың аяғына дейін баруларыңыз керек. Сот қалай шешеді, солай болады.

Қоғамдық қабылдауға Сейілбек Бәшімов те келді. Азамат – Отан үшін от кешкен Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтің інісі. Ол атақты жерлесіміздің сүйегін сонау Украинаның Чернобыль қаласынан әкеліп, туған жерге қайта жерлегісі келеді. Бірақ, бірнеше жылдан бері ойындағысын жүзеге асыра алмай жүр екен. Енді, маңызды істі тындыру үшін депутаттардан көмек сұрап отыр.

Абай Тасболатов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Сұрақты бақылауға аламыз. Облыс әкіміне хат жазамыз. Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне хат жазамыз. Бұл – үлкен, маңызды жұмыс.

Жалпы, қоғамдық қабылдауда депутаттар 5 жерлесіміздің базынасын, ұсыныс-тілегін тыңдады. Халық қалаулылары өңірімізде 1 жұмадан аса уақыт болмақ. Олар осы күндері облысымызды аралап, тұрғындармен жүздеспек ниетте.

Байболат Бектемірұлы