Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Ақтөбелік хоккейшілер қар құрсауынан құтқарылды

Қызылжарға бет алған ақтөбелік хоккейшілер қар құрсауынан құтқарылды. Имек таяқ шеберлері облыс орталығында жергілікті «Құлагер» командасымен кездесу өткізеді.

Ақтөбеліктер қаңтардың 5-і жолға шыққан екен. Ал бүгін таңертең «Қостанай-Петропавл» тас жолының бойында тұрып қалған. Нақтырақ айтсақ, Тимирязев селосынан 18 шақырым жерде қозғалыс тоқтапты. Автобустың ішінде 32 адам болған еке. Олардың 28-і – спортшы, қалғаны -жүргізушілер мен жаттықтырушылар. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, көмек көрсетіпті. Еске сала кетейік, ақтөбелік хоккейшілер “Qulager”-мен ертең сағат 17:00-де кездесу өткізеді. Қарымта ойын қаңтардың 8-іне жоспарланған.

Бердимурат Баймухан