Халық тарих толқынында

Бейбіт күннің батырларына арналған мемориал ашылды

Олар қызметтік борышын атқару кезінде қаза болды. Петропавлда бейбіт күннің батырларына арналған мемориал ашылды.

Осыдан 3 жыл бұрын №5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Алтынбек Абдрахманов ерлікпен қаза тапты. Азамат 31-ші желтоқсан күні қызыл жалынмен арпалысып көз жұмған. Ол нағыз ержүрек жан еді дейді марқұмның жақындары. Шараға азаматтық қорғау саласының ардагерлері мен қызмет кезінде мерт болған жандардың туыстары келген. Жиналғандар қаза болған қызметкерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

Бердимурат Баймухан