МТРА жаңалықтары

Киров атындағы зауыт қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Петропавлдағы Киров атындағы зауыт шығарылатын өнім көлемін жылдан-жылға арттыруда. Мысалы биыл өндіріс орнында шамамен 18 млрд теңгенін тауары әзірленіпті. Бүгін ауқымды жұмыс атқарып жатқан мұндағы мамандармен нұротандықтар жүздесті. Олар әдеттегідей қызметкерлерді сайлауалды бағдарламамен таныстырып, алдағы жылы болатын өзгерістерді баян етті.

Серік Ахметбеков – облыстық мәслихат депуттағына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер:

– Киров атындағы зауыт жұмысшыларының жалақысы ендігі жылы 10-15 пайызға көтеріледі. Енді 200 мың теңгеден алатын болады. Баршамызға мәлім Киров атындағы зауыт компьютер, ноутбук шығарады. Енді алдағы уақытта басқа да үлкен фирмалармен бірлесіп жұмыс істеу жоспарланып отыр.

Кәсіпорында 1 жылдан бері құрастырушы-темір ұстасы болып жұмыс істейтін Әділ Сапарғалиев депутаттардың сайлауалды бағдарламасын мұқият тыңдапты. “Жас маман бағдарламада жастарға қатысты өзекті мәселелер көтерілген”,- дейді.

Әділ Сапарғалиев – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ құрастырушы-темір ұстасы:

– Бағдарламады жас азаматтарды жұмыспен, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсетілген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жайлы да айтылды. Қазіргі таңда бұл мәселердің барлығы өзекті. Олар шешімін табады деген сенімдемін. Өз басым жалақымыздың артатыны туралы жаңалықты естіп қуандым.

Тағы, жиын барысында үміткерлер жастарға көрсетіліп жатқан қолдау алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты. Сөздерінше, болашақта
жоғары оқу орнына түсетін қыз-жігіттер үшін гранттар көбірек бөлінеді және жаңа оқу корпусы мен жатақхана салынады.

Казиканова Алтынай