ТЖ

Шаһарда тағы да өрт оқиғасы орын алды

Шаһарда тағы да өрт оқиғасы тіркелді. Желтоқсанның 18-і төтенше жағдай Береке ықшам ауданындағы Калинин көшесі бойындағы 4 пәтерлі ағаш үйде орын алды.

Құтқарушыларға хабар түскі 2-лер шамасында түсіпті. 4 минуттан соң отты ауыздықтауға 5 бірлік техника мен 25 адамнан тұратын жеке құрам келіп жеткен. Қызыл жалын 110 шаршы метр аумаққа тарап үлгеріпті. Тілсіз жауды мамандар 1 сағатқа жуық уақытта толық сөндірген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай отқа немқұрайлы қарағандықтан туындаған.

 

Эльмира Садвокасова