Ауа райы

Алдағы екі күнде қалың қар жауып, боран соғады

Хабарымыздың соңында ауа райы мәліметіне кезек берсек. Өңірде желтоқсанның 19-ы мен 20-сы аралығында қалың қар жауады.

Тіпті, боран соғып, тұман болуы мүмкін. Осы күндері желдің екпіні секундына – 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетпек. Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, аса абай болуларын ескертеді.

Актолкын Солтанханкызы