Спорт

«Qulager» ХК Рудный қаласында «Горняк» құрамасымен кездесті

Кеше «Qulager» хоккейшілері Рудный қаласында «Горняк» құрамасымен кездесті. Бұл сайыста жерлес имек таяқ шеберлері тағы бір мәрте жеңске жетті.

Матчтың алғашқы айналымында петропавлдықтар 1 гол өткізіп алды. Бірақ, ойынның екінші кезеңінде «Qulager» хоккейшілерінің айы оңынан туды. Олар қарсыластарының қақпасына қатарынан 3 шайба дарытып, команданы алға шығарды. Ал соңғы айналымда Дмитрий Исмагилов “Горняк”-тың бос қалған қақпасына тағы бір шайбаны сырғыта салып, ойынды 2:4 есебімен тәмамдады. Әзірге, «Qulager» хоккей клубы 46 ұпаймен турнирлік кестенің 7-ші орнына тұрақтады. “Горняк” құрамасымен қарымта ойын сырт алаңда бүгін өтеді.

Бердимурат Баймухан