МТРА жаңалықтарыҚоғам

Жаңа жылға әзірлік барысы

Петропавлда Жаңа жылға әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір шаһардың 7 бірдей шағын ауданында безендіру ісі бастау алған. Ал орталық алаңда мұз қалашық құрылуда. Ұзындығы 18 метрді құрайтын шыршаға 70-ке жуық шам ілінеді.
Орталық алаңдағы шыршаның жарығы ел Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерейтойы атап өтілгеннен кейін ғана іске қосылады. Яғни, желтоқсанның 20-күні жағылады.
Осы орайда айта кетейік, жаңажылдық безендіру жұмыстарына қалалық қазынадан қаржы шығындалмаған.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі кезде демеушілер бөлген 15 млн теңгеге жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткен жылғы архитектуралық пішіндер жөнделіп, қала ішіне орнатылып жатыр.

Маржан Касымбек