Қоғам

Сотқа қызметке орналасу талаптары

Өңір бойынша соттарда 20 бос жұмыс орны бар. Яғни, салаға 14 судья мен жетекші және бас мамандар, кеңсе меңгершусі мен сот отырысының хатшысы керек екен.

Жиын барысында фемида өкілдері / сот қызметкері мен судья лауазымына қатысты талаптарға жіті тоқталды. Олардың сөзінше үміткерлер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында оқыған және жоғарғы заңгерлік білімі болуы қажет. Сондай-ақ, судья атану үшін заң саласында кемінде 8 жыл еңбек етуі керек екен. Сот жүйесіндегі бұдан бөлек лауазымдарға үміткерлердің заң саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан көп болуы шарт.

Оян Мүтәләпов – СҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы:

–  Бұл қызметтерге орналасу үшін үміткерлер арнайы талаптарды орындаулары қажет. Яғни, тестілеуден өтулері міндетті. Қабылдау емтиханында өз қалауы бойынша ағылшын, француз және неміс тілінде тест тапсырады. Кейін мамандығына байланысты тағы бір тестілеуден өтеді. Одан бөлек эссе жазады. Қызметке орналасу үшін тиісті ақпаратты толығырақ Жоғарғы Соттың сайтынан білуге болады.

Бердимурат Баймухан