ТЖ

Құтқарушылар рейдтік шаралар өткізіп жатыр

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді. Шара Қызылжар ауданының Пресновка ауылында ұйымдастырылған.

Қыс кезінде өрт оқиғаларының басым бөлігі пешті дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Осы орайда мамандар үй-үйді аралап тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін еске салып, жадынамалар таратып шыққан. Кейін ауылдағы Мәдениет үйінде тұрғындардың басын қосып, пешті дұрыс пайдаланудың жолдарын түсіндіріпті.

Маржан Касымбек