Спорт

Солтүстікқазақстандық бозкілем шеберлері чемпион атанды

Кеше еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының кубогі аяқталды. Дүбірлі додада еліміздің “сен тұр, мен атайын” деген палуандары, таеквондошылары, боксшылары мен каратешілері бақ сынасқан болатын.

Сайыпқырандардың сайысында солтүстікқазақстандық “Қызылжар арландары” спорт клубы айды аспанға бір шығарды. Жерлестеріміз жарыста қарсылас шақ келтірмей, тарихи жеңіске қол жеткізді. Өңір намысын абыроймен қорғаған жігіттер ақтық бәсекеде алматылық “Қазақ күресі” клубымен кездесті. Тартысты белдесулерде қызылжарлықтардың асығы алшысынан түсіп, қарсыластарын 4 те 0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша білекті палуандарымыз 10 млн теңге мен кубогті еншіледі. Жеңіс құтты болсын дейміз.

Култанов Байболат