ТЖ

Петропавлда жер үйден өрт шықты

Облыс орталығында тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Бүгін Жұмысшы кентіндегі Парижская коммуна көшесіндегі жер үйлердің бірі отқа оранды.

Өрт туралы хабар төтенше жағдай қызметкерлеріне сағат 16:36-да келіп түскен. Оқиға орнына мамандар 6 минуттың ішінде жетіп барғанда баспананың шатыры мен ішкі қабырғалары жанып жатқан. Өрт сөндірушілер үйдің ішінен иіс тиіп, есінен таған 40 жас шамасындағы ер адамды алып шығады. Ол жедел жәрдем мамандарына тапсырылған. Қызыл жалын жартты сағатта сөндірілген.

Тұрлыбек Ғабдуллин – Петропавл қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

– 87, Өрттің салдарынан үй шатырының 35 шарты метрі және дәлізінің 2 шаршы метрі жанып кетеді. Оқиға орынанда 3 техникалық бірлік пен 13 маман жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі мен келтірген шығын есептеліп жатыр.

Маржан Касымбек