Құқық қорғау органдары

Петропавл-Жезқазған трассасында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Көктайғақтың салдары! Петропавл-Жезқазған трассасының бойында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты желтоқсанның 4-і болды.

Трассаның тайғақ екеніне қарамастан жоғары жылдамдықпен келе жатқан “Хендай” жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Соқтығыстың салдарынан жеңіл көліктің тас-талқаны шыққан. Салонда жүргізуші жалғыз болыпты, ол дін аман. Соңғы бірнеше күнде ауа райы қаһарына мінді, сондықтан алыс сапарға шығу аса қауіпті. Полицейлер абай болуды ескертеді.

Грегорий Тыш – СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Тас жолдарды мұз басқан, сондықтан соңғы 2 күн түнгі уақытта трассалар жабық. Жүргізушілерге құтқарушылар жіберген СМС-хабарламаларға назар аударып, ауа райын ұдайы бақылап отырғаны абзал. Әсіресе, түнгі уақытта көлікпен елді мекен аумағынан тыс шықпау керектігін ескертеміз. 

Саят Ермек