Спорт

“Құлагер” ХК теміртаулықтармен кездесті

Демалыс күндері жергілікті “Құлагер” хоккей клубы сырт алаңда теміртаулық құрамамен кездесті.

Алғашқы ойын қарашаның 30-ы өтті. Имек таяқ шеберлері негізгі уақытта тең түсіп, үздік команда буллит арқылы анықталды. Осы орайда қарсыластар мергендік танытып, 4:3 есебімен алға шықты.
Ал келесі қарымта ойында петропавдықтар есе жібермеуге тырысты. Нәтижесінде, жерлестеріміз теміртаулықтарды 1:3 есебімен ойсырата жеңді. Алаң иелерінің қақпасынан саңылау таба білгендер – Илья Ахметов, Евгений Попитич пен Дмитрий Исмагилов. Қазіргі таңда Олег Гущиннің тәрбиеленушілері турнирлік кестенің 9-шы орнына тұрақтаған.

Ақтолқын Солтанханқызы