ТЖ

Өңірде өрт оқиғалары әлі сейілмей тұр

Өңірде өрт оқиғалары әлі сейілмей тұр. Өткен аптаның өзінде құтқарушылар 16 рет қызыл жалынмен бетпе-бет келді. Тілсіз жаудан 1 адам қайтыс болып, 2-уі жарақат алған.

Оның бірі қараша айының 25-сі күні Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ломоносовка ауылында тіркелген. Мұнда екі пәтерлі баспана өртеніп, үй иесі қаза тапты. Қызыл жалын неден пайда болғаны әлі толық анықталмады.

Ал өткен сенбіде Петропавлда «Форсаж» ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Бұл – жастар көп жиналатын орын. Абырой болғанда, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, отты ауыздықтады. Өрт шалған аумақ 120 шаршы метрді құраған. Мамандардың айтуынша оқыс оқиға электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болған көрінеді.

Рүстем Жұмағалиев, СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:

– Сондай-ақ, өткен аптада Тайынша мен Ақжар аудандарында 2 автокөлікті от шарпыды. Екі жағдай да электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Тағы бір оқыс оқиға Есіл ауданында тіркелді. Үй иесі пеш жағып жатқан кезде күйік алған.

Бердимурат Баймухан