Қоғам

«Қорғау» республикалық жобасы мәресіне жетті

Тамыз айының 1-інен бастап республикалық «Қорғау» жобасы жүзеге асырылған болатын. Бастама аясында тұрғындар заңгерлердің көмегіне тегін жүгіне алды.

Облыс орталығы мен аудандарда заң тұрғысынан кеңес беру жөнінен 15 бөлім жұмыс істеген. Барлығы мың жарымнан астам сұрақ қаралыпты. Яғни, азаматтар мамандарға 4 ай бойы тиісті бөлімдерге жүгініп және мобильдік қосымша мен сайт арқылы өз сауалдарын жолдап отырған. Нәтижесінде тыңдалғанның 90 пайыздан астамы өз шешімін тапқан.

Сәуле Сүлейменова – СҚО «Қорғау» орталығының жетекшісі:

– Жобаның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтардың құқықтық білім деңгейін арттырып, оларға көмек көрсету. Шара аясында келіп жолыққан азаматтардың барлығы өз құқықтарын қорғау бойынша тегін консультация алды. Алдағы уақытта бұл жоба тағы да жалғасын табуы мүмкін.

 

 

 

Бердимурат Баймухан