МТРА жаңалықтары

Құмар Ақсақалов өңірдің 10 айлық дамуын қорытындылады

Тұрақты экономикалық даму! Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақалов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңірдің басты жетістіктерімен бөлісті.

Жерді әртараптандыру көрсеткіші жоғары, минералдық тыңайтқыштар көптеп қолданылады, агроөнеркәсіп кешеніне тартылған инвестициялар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалған қаржының да көлемі көңіл көншітерлік. Өндіріс саласында да кеуде қағарлықтай нәтиже бар. Қазір екі бірдей іргелі: Петропавл ауыр машина жасау және Киров зауыттарында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі тағы жолдарды жөндеу мен елді мекендердегі таза ауыз су мәселесін де сөз етті. Құмар Ақсақалов өткен 10 айды қорытындылап, келесі жылғы жоспарымен бөлісті. Өз кезегінде журналистер тұрғындардың көшіп кетуі, нанның бағасы, қоныс аударушыларға арналған баспана жайы мен солтүстікқазақстандықтардың жалақысының көлемі сынды сұрақтар қойды. Аймақ басшысы өзінің де еңбекақысының көлемін жасырған жоқ.

Эльмира Садвокасова