Денсаулық сақтау

Жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықпақ

Облыстық жедел медициналық жәрдем көрсету орталығының диспетчерлік қызметіне күніне тұрғындар 400 рет жүгінеді. Ал жыл басынан бері мұнда 153 мыңнан астам қоңырау түскен. Орталықта 17 дәрігер, 145 фельдшер жұмыс істейді. Десе де, кадр жетіспеушілігі әлі байқалады. Орталықтың бас дәрігері
Асхат Өтебаевтің айтуынша бүгінде 24 маман қажет.

Науқастарды тасымалдауда ешқандай қиындық жоқ. Қазірдің өзінде нысанға қарасты 39 автокөлік бар. Тағы желтоқсанның 10-ына қарай жедел жәрдем қызметі арнайы жабдықталған жаңа 18 темір тұлпармен толықпақ.

Асхат Өтебаев – облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері:

– Күн сайын 14 бригада жұмыс істейді. Ол келіп түскен шақыртуға байланысты медициналық жәрдемнің түрі бойынша топ-топқа бөлінген. Бірі – кардиобригада, келесісінде педиатр-дәрігер жүреді. Ал тағы біреуінде психолог болады. Қалғандарында фельдшерлер шығады. Егер сұраныс көбейіп немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда қосымша 1 реанимобиль тартылады.

Актолкын Солтанханкызы