Қоғам

Елбасының еңбегі сараланды

“Ел бақытын ұлықтаған Елбасы”. Осындай атаумен бүгін облыстық мемлекеттік архивінде Тұңғыш Президент күніне орай дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды аяғынан нық тұрғызып, оның ары қарай даму жолында сіңірген еңбегі сараланды.

Бұл бейнероликте Елбасының 1991 жылы алғаш рет облысымызға жасаған жұмыс сапары бейнеленген. Сол кезде-ақ солтүстікқазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен үміт артатындықтарын білдірген болатын. Сол кезде жарық көрген мақалалар, фотосуреттер мен құжаттар архив қорында сақтаулы тұр.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Ел бақыт ұлықтаған Елбасы. Біздің архивте Нұрсұлтан Назарбаев Президент болған жылдарынан сыр шертетін көптеген тарихи құжаттар баршылық.

Ал мына сурет тура бір жыл бұрын түсіріліпті. Мұнда былтыр Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқан екі ел президенті бейнеленген. Тарихи оқиға – әр азаматтың есінде. Әсіресе, Ақжан Жолдыбаев бұл кездесуден мол әсер алғанын айтады. Себебі, Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті Нұрсұлтан Назарбаевпен алғаш рет жүздесіп, ақыл-кеңесін алып үлгерген екен.

Ақжан Жолдыбаев – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Елбасымен алғаш кездесуім әліде есімде. Ол кісі бізге сұрақтар қойып, алдағы жоспарларымызды сұрады.

“Ел бақытын ұлықтаған Елбасы”. Мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған жиын барысында жастар Тұңғыш Президенттің жүргізген саясаты мен еліне сіңірген еңбегін әңгімеледі. Шара соңында Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді.

 

 

 

 

 

Ешкенова Дана