Құқық қорғау органдары

Жеңіл көліктің алдыңғы әйнегін сындырып кеткен бұзақы ұсталды

Петропавлда жеңіл көліктің алдыңғы әйнегін сындырып кеткен бұзақы ұсталды.

Жуырда тәртіп сақшыларына бір келіншек хабарласып, белгісіз біреудің аулада тұрған көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып кеткенін хабарлаған. Келген шығын 100 мың теңгеге бағаланып отыр. Бөкетов көшесіндегі аулалардың бірінде болған оқиға ҚК “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізіледі. Полиция қызметкерлері дереу іздеу шарасын жүргізіп, бұзақыны қолға түсірді. 19 жастағы жігіт еш жерде жұмыс істемейді, ата-анасымен бірге тұрады екен. Енді ол шығынның орнын толтырып қана қоймай, әжептәуір айыппұл төлейді.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында бұзақылық фактісі бойынша 124 қылмыстық іс қозғалған. Оның бәрі қоғамдық орындарға болған екен, 30-ы мас күйде жасалған.

 

 

Култанов Байболат