ТЖ

Өрттен 40 жастағы тұрғын қаза тапты

Тағы да өрт оқиғасы! Дүйсенбі күні кешкі 9 кезінде Ғабит Мүсірепов ауданындағы Ломоносовка селосында қос пәтерлі үй отқа оранды.

Салдарынан 40 жастағы ер азамат қаза тапты. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. 1 пәтер түгел жанып кетті. Бұл кеше өңір аумағында орын алған жалғыз төтенше жағдай емес. Айыртау ауданында НовоукраИнка елді мекеніндегі 3 тұрғынға ыс тиді. Жерлестеріміз пештің мұржасын уақытынан бұрын жауып тастаған екен. Қазір қарт адамдар мен олардың 4 жасар немересі ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Култанов Байболат