ТЖ

Петропавлда өрт шыққан үйден 3 адам құтқарылды

Сенбі күні Петропавлда Партизан көшесіндегі 5 қабатты үйден өрт шықты. Шұғыл хабар төтенше жағдайлар департаментінің мамандарына сағат 15.35-те келіп түскен.

Оқиға орнына 2 бірдей өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамдары жіберіледі. 5 минуттың ішінде келіп жеткен құтқарушылар 4-ші мен 5-ші қабаттардан түтін шығып жатқанын көреді.

Сол сәтте жоғарғы қабаттың балконында кәмелетке толмаған 2 бала мен 18 жастағы қыз тұрған. Өрт сөндірушілер үшеуін де аман-есен құтқарып, 32 адамды қауіпсіз жерге шығарады. Өрт 9 минуттың ішінде сөндірілген. От электр қалқанынан шыққан көрінеді. Тілсіз жау шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрайды. Қазір келген материалдық шығын анықталып жатыр.

Ешкенова Дана