Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері қос шетелдік жүргізушіге көмек көрсеткен

Өткен аптада сәрсенбіге қараған түні жасымық тасымалдап бара жатқан 2 түркиялық жүргізуші жолда тоқтап қалады. Олардың ауыр жүк көліктерінің жағармайы суықтан қатып қалған екен. «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылына жақын жерде қалып қойған шетелдік азаматтарды ең алдымен өңірдің көлік жүргізушілері байқаған. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларына хабар береді. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметі жетіп, тиісті шараларды қолға алады. Алғашқы көмек көрсетіліп, жүк көліктерін жөндеуге жібереді.

Маржан Касымбек