МТРА жаңалықтары

Қаланың өнеркәсіп саласының даму қарқыны

Қаңтар-қазан айлары аралығында Петропавл қаласындағы кәсіпорындар 124,2 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл  жалпы облыстық көлемнің 64,1% құрайды.

Дайындалған тауар құнының 65% қайта өңдеу өндірісіне тиесілі. Мамандар азық-түлік әзірлеу ісінде де шамамен осындай көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша 2018-дегі межеден асып түсті. Макарон жасау 50 пайызға ұлғайған. Ал ірімшік – 40, ашымалы сүт өнімдері – 12, қарақұмық 6,5 процентке артқан. Энергиямен жабдықтау жұмыстарында да өсім байқалады. Мұндағы жоғарылау 106%-дан асып түсті.

Култанов Байболат