МТРА жаңалықтары

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары шаһардағы нысандарды аралады

Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Вице-премьер әмбебап теннис орталығында болды, Кейін облыстық ауруханаға соғып, ақ халаттылармен жүздесті. Мұнда өңіріміздегі емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы сөз қозғалды. Бұдан соң, Вице-премьер Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-не ат басын бұрды. Мұнда студенттер, еріктілер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тілдесті. Жұмыс сапары соңында Бердібек Машбекұлы қаламызда биыл ғана қолданысқа берілген №25-ші орта мектепте болды. Су жаңа білім ордасымен танысып, педагогтармен кездесу өткізді.

Эльмира Садвокасова