Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды

Осыған ұқсас жағдай Қызылжар ауданында да тіркелді. Соколовка селосында дүкен сатушысы әрі қожайыны – 77 жастағы әйел адамға шабуыл жасалды.

Кешкі 7-лер кезінде сауда нысанына қолында пышағы бар, басына шұлық киген біреу баса-көктеп кіріп келген. Ол зейнеткерді ұрып талдырып, сейфтен 100 мың теңгені алып қашып кетеді. Ұры сол күні ұсталды. 25 жастағы жігіт ауылдан таксимен шықпақшы болған жерінен құрықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған жігіт – Соколовка селосының тұрғыны. Бұрын сотты болған. Қазір аудандық уақытша ұстау изоляторында отыр. Ұрланған ақша қайтарылған.

Ешкенова Дана