Құқық қорғау органдары

Ақжар ауданында қарақшылық шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Ақжар ауданында қарақшылық шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Кеше кешкісін Талшық ауылындадағы «Талшық Астық LTD» серіктестігіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Нысанға шолақ аңшы мылтығына ұқсас қару ұстаған 4 белгісіз адам баса-көктеп кіріп келген. Олар кәсіпорын басшысын қорқытып, 170 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Оған қоса 2 ұялы телефонды бірге ала кеткен.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Аталған факті ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл өрескел қылмыс СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың және облыстық прокуратура басшысының бақылауына алынды.

 

 

Ешкенова Дана