Құқық қорғау органдары

Аурухана есепшісі 20 млн теңге жымқырған

21 млн теңге жымқырды. Қызылжар аудандық ауруханасының есепшісі 3 жыл бойы бюджеттік ақшаны ұрлап отырған. Қолдағы “билігін” пайдаланып нәзікжанды қызметкерлерге қағаз жүзінде жалған жалақы жазып, ақшаны өз қалтасына басыпты.

Экономикалық тергеу департаментінің мамандары қылмысты сәуір айында анықтаған. Күдікті де сол кезде көзге түскен. Оңай жолмен келген ақшаға шалқып өмір сүргісі келген келіншек – Бескөл ауылының тұрғыны.

Айгүл Букирова, СҚО экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:

– Бұл фактіге қатысты “Аса ірі көлемдегі алаяқтық” бабы бойынша іс қозғалды. Аудандық аурухана есепшісі 2016 жылдың қаңтарынан 2018-дің желтоқсан айлары аралығында бюджеттен ақша ұрлаған. Соттың үкімімен ол 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Алдағы бес жыл бойы азаматша аталған салада еңбек ете алмайды.

 

 

Ешкенова Дана