Қоғам

Селолық округ әкімі мас күйінде көлікке отырған

Араққа сылқия тойып алып, үй қоршауын қиратты. Қызылжар ауданына қарасты Якорь селолық округінің әкімі Қайырболат Чехмановқа осындай айып тағылып отыр.

Әлеуметтік желілерді басына көтерген бейнероликте азамат көлікті мас күйде жүргізіп, үйлердің бірінің шарбағының күл-талқанын шығарды делінген. Видеода шенеунік өз қылығын түсіндіре де алмаған. Енді бұл факті расталса, ішімдік ішіп алған округ әкіміне істегенін мойнымен көтеруге тура келеді. Әзірге, оқиғаның анық-қанығын мемлекеттік істер агенттігі департаментінің мамандары анықтап жатыр.

 

 

 

Эльмира Садвокасова