Спорт

Конькимен жүгіруші Роман Креч үздіктер қатарынан көрінді

Петропавлдық конькимен жүгіруші жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жерлесіміз Роман Креч Беларусь астанасы – Минскіде жалауын желбіреткен әлем кубогі кезеңінде екінші орын еншіледі.

Ол В тобында өнер көрсетіп, 500 метр қашықтықты 35,42 секундта еңсерді. Осылайша жеңіс тұғырының 2-ші сатысына көтерілді. Тартысты бәсекеде канадалық конькимен жүгіруші алдына жан салмады. Ал үздік үштікті Нидерланд елінің өкілі тұйықтады. Бұл спортшылар енді бірер күннен соң Польшада бас қосады. Онда әлем кубогінің 2-ші кезеңі ұйымдастырылмақ. Үшінші жарыс желтоқсан айында біздің елордамызда өтпек.

 

Култанов Байболат