Құқық қорғау органдары

Кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Жергілікті полиция қызметкерлері кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Бұл жолы тұрғындардың сауалдары “Nur Otan” партиясының кеңсесінде тыңдалды. Шара барысында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларына 50-ден астам сұрақ келіп түсті.

Олардың басым көпшілігі жол қауіпсіздігі мен көші-қон қызметі бойынша қойылды. Мәселен, Наталья Клюеваның айтуынша Ярослав Гашек көшесінің бойында орналасқан тұтас сызық автокөліктің аулаға кіруіне кедергі келтіреді дейді. Осы орайда полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев әкімшілік полиция басқармасының мамандарына бұл мәселені шешуді тапсырды.

 

Бердимурат Баймухан