Аптадағы маңызды жаңалықтар

Арнайы репортаж

Өңірге іссапармен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин келді. Үкімет басшысы ең алдымен Петропавлдың өндірістік аймағына барды.

Мынау – сұйық және қатты сабын шығаратын фабрика. Су жаңа кәсіпорын “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында ашылып отыр. Құйылған қаржы – 1 млрд теңге. Фабрика бірегей, Қазақстанда оның баламасы жоқ. Мұнда мал және өсімдік майы өңделіп, табиғи таза сабын жасалатын болады. Өнімге сұраныс елімізден бөлек, шетелдік нарықта да жоғары болуы тиіс.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

-Мощность предприятия какая?

 Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры:

-Мы сможем производить до 20 тысяч тонн в сутки, 4 тысяч тонны в час.

Бұдан соң Премьер-Министр мен өңір әкімі тетікті басып, қатты сабын өндірісін іске қосты. Тазалық құралын толығымен құлтемірдің өзі жасайды. Адамның міндеті тек – бақылау. Хош иісті сабындардың алғашқы партиясы бірер минутта дайын болды. Олар бірден қаптамаға оралып, қораптарға салынады.

Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры:

– Бір жылда дайын сабынның 1800 тоннасын шығара аламыз. 4,5 мың тонна сабын гранулаларын жасай аларлық қауқар бар. Бұл дүниелерді осы күйінде де сатуға болады. Кей компаниялар оларды алып, өздерінде пішіндеп, белгілі бір бренд атымен саудаға шығарады.

Осындай үлкен өндіріс көлемінің арқасында жаңа фабрика отандық сабын нарығының 30 пайызын қамтымақ ниетте. Қазірдің өзінде солтүстікқазақстандық тұрмыстық химия өнімін Орталық Азия елдері, Ресей мен Қытай импорттауға мүдделі.

 

Саят Ермек

 

******************************

Шаһардағы Киров атындағы зауыт биыл мемлекеттен 2 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы алды. Премьер-Министр өлкедегі ірі машинажасаушы кәсіпорынның жаңа мүмкіндіктерімен таныспаққа ат басын бұрды мұнда. Асқар Мамин екі өндірістік учаскені аралады.

 Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

– Поменялось сейчас все? Все по другому?

Наталья Кожемякина, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ инженер-технологы:

– Жаңа автоматтандырылған беткі монтаждау желісіне қош келдіңіз. Қазіргі таңда бұл Қазақстандағы ең қуатты желі саналады.

Манағы қайтарымсыз қаржыға Киров атындағы зауыт жоғары технологиялы қондырғылардың 300 данасын алған. Осылайша, жергілікті кәсіпорын электрондық өнеркәсіптің жаңа деңгейіне шығып отыр. Жыл соңында зауыт тіпті компьютерлерді жинай бастайды. Бұл техника «Қазақстанда жасалған» деген маркамен шығарылып, сауданалантын болады.

Амангелді Арғымбаев, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры:

– Қарашаның соңына дейін Қытайдан мамандар келеді. Аспанасты еліндегі ірі электрондық корпорация өкілдері біздің жұмысшыларды үйретеді. Шетелдік әріптестермен бірлесе жобаны жүзеге асырып, өлкеде компьютерлік техника өндірісін дамытпақшымыз.

Аскар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

-Как будете готовы, привезете, покажете.

Десе де, компьютерлік техника жасау оңай іс емес. Сондықтан, зауыт өндірісті біртіндеп бастамақ.

 

 Саят Ермек

 

******************************

Петропавл ауыр машина жасау зауыты соңғы бір жылдың ішінде адам танымастай өзгеруде. Өндіріс ошағында қазір заманауи үлгідегі 39 бірдей станок жұмыс істеп тұр. Автоматтандырылған шаруамен үкімет басшысы Асқар Мамин танысты. Бұрындары мамандар білдек басында сағаттап тік тұрып еңбектенсе, қазір бұның барлығы артта қалды. Қызметкерлер станокқа арнайы бағдарлама жазып, процесстің іске асуын қадағалайды екен.

Мұрат Қасенов – «Петропавл ауыр машина жасау» АҚ операторы:

– Заманауи қондырғыларға көшпес бұрын оқытудан өттік. Қазір жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Шаруа да тез атқарылады. Ескі станок бір бөлшекті 2 сағаттың ішінде әзірлесе, қазір оның даярлануы бар-жоғы 20 минут уақытты алады.

Жылдам әрі сапалы. Жаңғырту жұмыстары жаңа өндіріс түрін қолға алуға да мүмкіндік берді. Кәсіпорын жақын шетелде сұранысқа аса ие термовагондарды шығарумен айналысуда. Бүгінде ресейлік тараптан тапсырыс та түсіп жатыр. Яғни, жұмыс қолын арттыру қажет. Биыл компания мамандарының қатары жаңа 50 адаммен толықса, алдағы уақытта оларға тағы 100 қызметкер қосылмақ.

2022 жылы мына жазық далада су жаңа заманауи аурухана ашылады. Денсаулық сақтау саласындағы ең ірі жобалардың бірін «YDA Holding» түрік компаниясы іске асырмақ. 500-ден аса орынға шақталған емдеу мекемесі барлық халықаралық стандарттарға сай келетін болады. 350 жұмыс орны пайда болып, жергілікті 200 ақ халатты шетелде біліктіліктерін арттырмақ. Болашақ аурухананың капсуласын еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин қалады. Нысан өңірдегі экономикалық субаймақтардың бірінде орналасқанын айта кету қажет. Аққайыңдар өлкесі үшін маңызы зор бұл аумақпен үкімет басшысын облыс әкімі Құмар Ақсақалов таныстырып өтті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жобаға 160 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ. Шаһарда 4 субаймақ іске қосылады. 3 мың жұмыс орны ашылады. Істі биыл бастап кеттік.

“Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы барлығы машина жасау, электроника, құрылыс материалдарын әзірлеу мен азық-түлік өнімдерін шығару және өңдеу салаларын қамтымақ.

Эльмира Садвокасова

 

******************************

Үкімет басшысы Асқар Мамин Тайыншада да болды. Нақтырақ айтсақ, мұндағы “Bio Оperations” зауытына барды. Ұзақ жыл қаңырап тұрған кәсіпорынға осыдан 2 жыл бұрын қайта жан біткен еді. Қазір көруге тұрарлық дүние көп мұнда. Құрғақ бидай кілегейі мен крахмалын өндіретін бұл – елдегі жалғыз зауыт. Жылына “Bio Оperations” 83 мың тонна бидайды терең өңдейді. Қауқар артпақ, өйткені министрлер кабинетінің басшысы мен аймақ жетекшісі манағы кілегей өндірісі цехінің екінші желісін іске қосты.

Алмас Қалимурзин – “Bio Оperations” ЖШС бас директоры, Тайынша ауданы:

– Қондырғылардың бәрін орнатып, үлкен жаңғырту жүргіздік. Бүгіннен бастап құрғақ кілегей өндірісін 2 есеге арттырамыз деп сеніммен айтуға болады. Айына мың тоннасын шығаратын боламыз. Бұл өте ірі көлем.

Ал жылдық көлем енді 250 мың тоннаны құрамақ. Құрғақ кілегейдің экспорттық әлеуеті зор. Қазірдің өзінде бұл зауыт өнімін Ресейге, Украинаға, Беларусь мемлекетіне, одан қалды Голландия, Норвегия мен өзге де бірқатар елдерге жөнелтеді. Өндіріс мұнда автоматтандырылған. Асқар Мамин бұған көз жеткізді. Кілегей цехіндегі жұмысты небәрі 4 адам бақылап-басқарады.

Артем Алексеенко – басқару пультінің операторы, Тайынша ауданы:

– Диірмендегі ұн арнайы ыдысқа түсіп, кейін автоматты түрде қамыр илегішке жіберіледі. Мұнда ол сұйықтыққа айналып, қондырғыларға таратылады да 3 фракцияға бөлінеді. Крахмал бөлек цехке жіберіледі, ал кілегей осы цехте қалады, ал пентозан деген зат спирт зуытына жөнелтіледі.

Құрғақ кілегей, яки глютен, нан-тоқаш пен макарон өндісінде қолданылады. Құрамы протеинге толы өнім мал азығына да қосылады. Желтоқсанда “Bio Оperations” биоэтанол өндірісін бастамақ. Қазір Францияның қуатты қондырғылары орнатылып жатыр. Жаңа бағыт іске қосылғанда зауытта жұмыс істейтіндердің саны 500-ге жетпек.

 

Саят Ермек

 

******************************

Тайыншадан кейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ат басын Қызылжар ауданындағы Новоникольское селосына бұрды. Елді мекенде министрлер кабинетінің жетекшісі бірнеше нысанда болды Оның алғашқысы – су жаңа көпір. Мұндағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталды. Бүгін құрылым салтанатты түрде халық игілігіне тапсырылмақ. Көпірдің таспасын Үкімет басшысы Асқар Мамин, облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен іске жауапты компанияның өкілдері қиды.

Шынымен де, бүгін айтулы күн. Себебі, көпірді Есіл өзенін жағалай орналасқан 5 бірдей ауылдың тұрғындары асыға күтті.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрі:

– Это – отличное событие. Сколько там проживает?

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры:

-1480 человек чисто в этом селе. Там еще 5 сел есть. 2 наших отделения и еще 3 хозяйство. Это артерия которое связывает нас с центральной дорогой.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Они 3 месяца сидели во время разлива.

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры:

– Вот это река наша Ишим максимально поднимается на 16,5 метра.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрі:

– Отличное событие. Поздравляю!

Айта кетейік, көпір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тұрғызылды. Оның құрылысына “Зенченко и К” КС-гі 4 млрд теңгеден аса қаржы бағыттады. Бұл соманың жартысына жуығын жергілікті билік компанияға қайтарып береді. Яғни, алдағы 5 жылдың ішінде өтейді. Нысанның ұзындығы – 221,5, ені 8 метрді құрайды. Жол бойына жарықшамдар да орнатылыпты. Көпірден кейін Премьер-Министр әлеуметтік жауапкершілігі жоғары агроқұрылымның ақылды фермасына бас сұқты. Мұндағы жұмысты кәсіпорынның бас директоры Геннадий Зенченко жіті түсіндіруде. Оның сөзінше шаруашылықтағы іс автоматты түрде басқарылады. Мамандар арнайы қондырғылардың көмегімен барлық үрдісті, өндірілген өнім көлемін бақылап отырады екен. Әңгіме барысында майлы дақылдарды өсіру жайлы да айтылды.

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры:

– Майлы дақылдардан зығыр мен рапсты егеміз. Келесі маусымда соя өсіруді жоспарлап отырмыз. Топыраққа бидай дәнін міндетті түрде сіңіреміз. Өйткені, оның құны биыл жоғары. Қазіргі күні шаруашылықта 9 мың бас ірі қара бар. Өндірілетін сүт көлемін 25 мың тоннаға жеткіземіз.

Новоникольское селосында спорт кешені де жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар баскетбол, волейбол, үстел теннисін ойнап, бассейнге де түсе алады. Фитнес залы да бар. Мұнда қазір ауыр атлеттер жаттығып жатыр. Жақында осы жастардың бірі Надежда Бабина гір көтеру спортынан Сербияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атаныпты. Оны жеңісімен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құттықтап, алдағы додаларда сәттілік тіледі.

Култанов Байболат