Құқық қорғау органдары

Оңай жолмен табыс табамын дегендер ұсталды

Жоғарғы оқу орнының дипломы мен жүргізуші куәлігін жасап беремін. Немесе әкімшілік арқылы баспана алуға көмектесемін деп қулығын асырып жүрген.

38 жастағы Петропавл тұрғыны осындай заңсыз жолмен 3 млн теңгеден астам табыс тапқан. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде алаяқ ұсталды. Қазіргі күні аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, жедел-іздестіру шарасы барысында тағы бір қу қолға түсіпті. 28 жастағы жігітке алаяқтықпен айналысты деген айып тағылып отыр.

Виталий Подчернин – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Ол өз жұмысын интернет арқылы жүргізген. Әлеуметтік желілерде жұмысқа орналасуға көмектесемін деп хабарлама таратыпты. Осы әдіс арқылы көмекке жүгінген адамдардың жеке куәлігі мен банк картасын сұрап алады. Кейін қолдағы құжаттардың көмегімен шағын қарыз рәсімдеп, сол арқылы ақша тауып отырған. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Бердимурат Баймухан