Құқық қорғау органдары

Нәзікжанды жол апатынан қаза тапты

Есіл ауданында жеңіл көлік трассаға шығып кеткен жылқыларға соғылған.

Салдарынан жолаушылар орнында отырған нәзікжанды ауыр соққы алып, бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болады. Ал темір тұлпарды тізгіндеген ер адам жарақаттанған. Оқыс жағдай түнгі уақытта орын алыпты. Осыған ұқсас оқиға Айыртау мен Аққайың аудандарында да тіркелді. Тәртіп сақшылары өз кезегінде жүргізушілерге жолда жылдамдық режимін сақтауды ескертеді.

 

 

Култанов Байболат