Биыл М.Жұмабаев ауданына 60-тан астам отбасы қоныс аударған

Қоғам

21:37 12 Қараша 2019

Күні кеше ғана М.Жұмабаев ауданына Арыс қаласынан көпбалалы отбасы қоныс аударды. Жанұяға су жаңа баспана мен көтермеақы берілді. Ал алдағы уақытта отағасы тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Жалпы аталған ауданға биыл оңтүстік өңірлерден 60-тан астам отбасы көшіп келген.

Қамбаровтар әулеті Сұлышоқ ауылына тамыз айында Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданынан келген. Отбасында 6 бала бар. Үлкені – студент. Кенже ұлдары 9 жаста. Отанасы Гүлнәр Қамбарованың айтуынша туған ауылдарында өздерінікі дейтіндей баспана болмаған екен. Отағасы екеуі әрқашан бала-шағасымен үлкен жер үйде тұруды армандапты. Енді міне тілектері орындалып, жаңа баспананың түтінін түтетіп отыр.

Гүлнәр Қамбарова – Сұлышоқ ауылының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданы:

– Бұл жаққа тамыз айында көшіп келдік. Барлық жағдай жасалған. Әсіресе баспана ұнады. Кең әрі жылы.

Үлкен жанұяның болашаққа құрған жоспары ауқымды. Гүлнәр Қамбарова шағын дүкен ашып, саудамен айналыссам дейді. Жазғы уақытта бағбаншылықты да қолға алмақ. Үйдің алдында көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп, мол өнім алуға ниетті. Ал отағасы қорасын малға толтырмақ.
Сейтқазиевтер отбасы болса кеше ғана Арыс қаласынан көшіп келіпті. 8 балалы жанұя қазір ауылдағы ағайынмен танысып, дүниелерін жайғастыруда.

Бексұлтан Сейтқазиев – Сұлышоқ ауылының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданы:

– Негізінен, бұл үйлер көпбалалы отбасыларға беріледі. Баспаналар жаңа әрі маңындағы тиесілі жер учаскесі де ауқымды. Бұдан бөлек жанұяға көшіп келуі үшін ел бюджетінен қаржы қарастырылған.

Отағасының сөзінше, су жаңа баспана жанұяға бірден ұнаған екен. Іші жайлы, жарық, кең әрі жылы дейді. Жалпы, Сұлышоқ ауылында биыл қоныс аударушыларға арналып барлығы 5 үй салынған.

Нұржихан Кукла – М.Жұмабаев ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Негізінен, бұл үйлер көпбалалы отбасыларға беріледі. Баспаналар жаңа әрі маңындағы тиесілі жер учаскесі де ауқымды. Бұдан бөлек жанұяға көшіп келуі үшін ел бюджетінен қаржы қарастырылған. Әр адамға 80 мың теңгеден бөлінеді. Көбіне Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан, Жамбыл облыстарынан қоныс аударады. Сондай-ақ, биыл біздің ауданға Түрікменстан, Қытай және Ресейден 6 отбасы келді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы Мағжан Жұмабаев ауданына еліміздің оңтүстігінен 60-тан астам отбасы көшіп келген. Ауданда қоныс аударушыларға арналып 36 су жаңа үй бой көтеріпті.

Ешкенова Дана

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

“Адал ұрпақ” клубтарының белсенділері бас қосты
Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті
Елбасының елге сіңірген еңбегі
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылып келеді
Жәбір көрген әйелдерге көмек көрсету
Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы таныстырылды
Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Айыртау ауданының әкімі журналистер алдында есеп берді
Анасы мен қызын өлтірген Игорь Дементьев 21 жылға сотталды
«Халық заңгері» атты республикалық акция өтті
Қалаға кіреберісте Винокуровқа арналған композиция пайда болды
Атаулы әлеуметтік көмек жүйесіндегі өзгерістер