Спорт

Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды

“Қызылжар” футбол клубының бас бапкері Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды.

Маман елордада өткен салтанатты шара барысында Қазақстан футбол федерациясының атынан марапатталды. Ұйым өкілдері «Бірінші лиганың үздік жаттықтырушысы» номинациясына барлық үміткерлердің арасынан Али Алиевті лайық деп шешкен.

Айта кеткен жөн, петропавлдық бапкердің жетекшілігімен жергілікті футболшылар биылғы ел біріншілігінде 17 мәрте жеңіске жетіп, 7 рет тең есепте ойын көрсетті.

Бердимурат Баймухан