Құқық қорғау органдары

Жамбыл ауданындағы қырмандардың бірінен 2 тонна арпа ұрланды

Өңірде қамбалардан астық ұрлау өршіп тұр. Жедел-алдын алу шарасын өткізген облыс полицейлері жымқырудың бақандай 46 фактісін әшкерелеген. Ала жаздай өсірілген өнімді көбіне қатардағы жұмысшылар қолды қылатын көрінеді.

Ең ірі көлемдегі ұрлық Жамбыл ауданындағы қырмандардың бірінде тіркелді. Мұнда жуырда ғана орылған арпаның 2 тоннасы жоғалған. Келітірілген шығын 80 мың теңгені құрайды. Қырман басшысы аудандық полицияға шағым түсіріп, алақол адам бірден табылады. Ұры 45 жастағы азамат болып шықты. Соңғы 3 жылда ол астық сақтайтын орында жүргізуші болып қызмет еткен. Қолды қылған арпаны аудан тұрғыны толықтай қожайынына қайтарды.

 

Маржан Касымбек