Спорт

Хоккейшілеріміз қарымта кездесуде басым түсті

Кеше сырт айдында “Құлагер” ХК “Ақтөбе” құрамасымен қарымта кездесу өткізді. Бұл матчта да жерлестеріміздің жолы болды.

Олар қарсыластарын 2 де 3 есебімен тізе бүктірді. Тартысты ойынның жеңімпазы буллит арқылы анықталды. 65-ші минутта солтүстікқазақстандық Станислав Логинов ақтөбелік қақпашыдан айласын асырып, командасына жеңіс сыйлады. Қазір жергілікті ұжым турнирлік кестеде 8-ші орында тұр. Қоржында 28 ұпай бар. Енді құлагерліктер келесі кездесуін қарашының 15-і мен 16-сы күндері Петропавлда “Алматы” клубына қарсы өткізеді.

Бердимурат Баймухан