Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының оқу-әдістемелік жиыны өтті

Петропавлдағы Әскери институттың базасында тәртіп сақшыларына арналып оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Оған, әсіресе, құқық қорғау органдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты. Іс-шараны Ішкі істер министрлігі кадрлық саясат департаментінің ғылыми қызметкері Болат Қаженов өткізді. 3 күнге жалғасқан жиын барысында мәселелелі жағдайларда тәртіп сақшыларының дұрыс шешім қабылдап, жүйелі әрекет етуі туралы айтылды.

Сондай-ақ, патриоттық сезімді тәрбиелеу, нормативті-құқықтық құжаттарды түсіндіру, экстремизм және терроризммен күрес, жемқорлықтың алдын алу бағыттында құнды дәрістер оқылып, ой-пікірлер талқыланды.
Құрылым командирі әр уақытта оған бағынышты тұлғалар үшін үлгі болуы қажет, ұжымдағы жағдайды реттеп және бағалай білуі керек.

Болат Қаженов – ҚР ІІМ кадрлық саясат департаментінің ғылыми қызметкері: 

– Оқу-әдістемелік жиынға полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесі, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылық құрамы қатысты. Барлығы – 100-ге жуық адам. Шара барысында айтылған маңызды ақыл-кеңестер олардың сапалы жұмыс атқаруына ықпал етеді.

Байболат  Култанов