ТЖ

Мамлют ауданында 2 бірдей бала суға бата жаздады

Мамлют ауданындағы Воскресеновка селосында 2 бала суға батып кете жаздады. 10 және 8 жастағы ұлдар көлдің шетіне қарай мұздың үстінде ойнап жүрген. Жұқа мұз жарылып кетіп, екеуі де суға құлап түседі.

Абырой болғанда, жақын маңда көршілері жүріпті. Балғындардың айғайын естіген ол жүгіріп келіп, дереу судан шығарып алады. Балалар дін аман. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ата-аналарына тапсырылған.

Маржан Касымбек