Спорт

“Құлагер” ХК “Ақтөбе” құрамасынан минималдық есепте басым түсті

Кеше жергілікті имек таяқ шеберлері сырт айдында “Ақтөбе” командасымен алғашқы кездесуін өткізді. Матчтың бірінші периодында-ақ құлагерліктер басым түсіп, есеп ашты.

Голдың авторы – Михаил Попов. Кейін қарсыластар 2-ші айналымда есепті теңестіре алды. Ал ойынның соңғы периодында ақтөбеліктердің қақпасынан саңылау таба білген Евгений Попитич өз командасына жеңіс сыйлады. Есеп 1:2. Кездесудің нәтижесі бойынша солтүстікқазақстандық команда турнирлік кестеде бір сатыға жоғарылап, 8-ші орынға тұрақтады. Дәл қазір “Ақтөбе” құрамасымен қарымта кездесу өтіп жатыр. Оның нәтижесін ертең хабарлаймыз.

Актолкын Солтанханкызы