Әр түрлі

Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады

Қазақстандықтар қыстың алғашқы айында 12 күн демалады.

Оны рет-ретімен түсіндіре кетейік. 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні! Атаулы дата жексенбіге келіп тұр. Сондықтан, отандастарымыз қос күн қатарынан тынығады. Яғни, дүйсенбіні де үйде өткізеді. Артынша Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл мерекеде ел тұрғындары тағы да 2 күн демалады. Кейін баршамыз Жаңа жылға әзірлікті бастаймыз.

Айта кетейік, 2020 жылдың басы қазақстандықтарды тағы да 4 демалыс күнмен қуантпақ. Ол қаңтардың 1-інен 4-ші жұлдызына дейін жалғасады. Ал 5-і, яғни жексенбі күні жұмысқа шығамыз.

Бердимурат Баймухан